"Қайрат" клубы футзалдан тоғызыншы мәрте Қазақстан Кубогын жеңіп алды

"Қайрат" клубы футзалдан тоғызыншы мәрте Қазақстан Кубогын жеңіп алды

Алматылық "Қайрат" шағын-футбол клубы футзалдан Қазақстан Кубогының 2012 жылғы жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қайрат" клубы финалда "БТА-Футзалды" 8:2 есебімен тізе бүктірді. Клуб құрамында Лео мен Фумаса дубль иесі атанды. Александров, Мұрзабаев, Сантана және Пенгрин қанжығасында бір-бір голдан. Ал "БТА-Футзал" сапынан Аселқан мен Мұрзабаев көзге түсті. 

Айта кететін жайт, "Қайрат" өз тарихында осымен тоғызыншы рет Кубок иегері атанып отыр. Сонымен қатар, осыдан сәл уақыт бұрын үшінші орын үшін болған матчта қарағандылық "Тұлпар" руднилік "Аятты" 6:2 есебімен ұтып кетті. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: prosportkz.kz

 


Б. Қосмағамбет