Лотерея қашан пайда болды?

Лотерея қашан пайда болды?
Фото: kadara

Қазіргі уақытта лотереядан қомақты қаржы, қымбат көлік немесе пәтер ұтып алуды армандайтын адам сирек шығар. Бүгін біз лотерея ойыны қашан пайда болғанын баяндаймыз.

Күйеуін еске алу

Қазіргі лотерея ойындары көбіне қуанышты күн немесе тарихи оқиғаға байланысты өткізіледі. Еуропа тарихында тұңғыш рет бұл ойын билеттерді сату арқылы 1466 жылы 24 ақпанда өткізілді. Нидерланд суретшісі Ян ван Эйктің қайтыс болғанына 25 жыл толғанда, оның жесірі лотерея ойынын өткізді. Күйеуінің өліміне көндікпеген әйел Бельгияның Брюгге қаласында тұратын кедейлерге қайырымдылық лотереясын ұйымдастырды. Оның ақшасы толығымен қайырымдылық мақсатына жұмсалды. Содан бері 24 ақпан бүкіл әлемде лотерея пайда болған күн ретінде атап өтіледі.

Людовик XIII алаяқтығы

Лотерея ойынының қатысушыларын "ойын әділ ме және бас жүлде шынымен жеңімпазға беріле ме?" деген сұрақ мазалайды.

Лоторея ойыны әрқашан әділ бола бермейтіні жасырын емес. Тарихта лоторея ұйымдастырып, алаяқтық жасаған патша да жауапқа тартылған кез болған. Алғашқы дерек Францияда Людовик XIII кезінде анықталды. Бұл "Үш ноян" романында айтылған Франция королінің өзі болатын. Шындығында, Людовик ХІІІ лотерея ойынын өткізіп, бас жүлдені өзі алып, қалған қомақты қаржыны туыстарына бөліп берген. Осы оқиғаның салдарынан елде бүлік басталды. Нәтижесінде ойын нәтижелері жойылды.

Т. Раушанұлы