Әлемде талай қызық бар: сіз білмейтін деректер #6

Әлемде талай қызық бар: сіз білмейтін деректер #6
Фото: 1zoom.ru

Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықты бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз. 

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #5

♦ Францияда қоқыс тазалағыштардың орнына қарғалар жұмыс істейтін саябақ бар. Қарғаны Вандей аймағындағы Пюи-ду-Фу бағының айналасында қоқыстарды жинап, арнайы қораптарға салып жүруге үйреткен;

БАӘ-де табылған Goniurellia tridens масасының қанатында шыбынның суреті бар. Бұл масаға өзін "шыбындар үйірі" мүшесі ретінде көрсетіп, басқа жыртқыштардан қорғануға көмектеседі;

♦ Түйеқұстың жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетеді;

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #4

♦ Жирафтар күніне екі сағат қана ұйықтайды. Әдетте олар өз денесін жастық ретінде пайдаланады;

♦ Фламинго (қызыл қаз) қауырсындарының түсі табиғи түрде қызғылт емес – олар бұл асшаяндарды тұтыну арқылы осындай түске боялады;

♦ Медузаларда ми мен қан тамыры жоқ;

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер

♦ Егер популяцияда аналық болмаса, еркек клоун-балық жынысын өзгерте алады;

♦ Анабас – таяз судан шығып, басқа су қоймасына жеткенше оттегімен тыныс алатын жалғыз балық.

Т. Раушанұлы