Неліктен ұшқыштарға сақал қоюға болмайды?

Неліктен ұшқыштарға сақал қоюға болмайды?
Фото: pinterest

Ғасырлар бойы адамзаттың басты арманының бірі – құс сияқты ұшуды үйрену болды. Бұл арман 1903 жылы америкалық ағайындылар Уилбер мен Орвилл Райттардың ұшақ құрастырып, онымен алғаш көкке қалықтаған кезінде жүзеге асты. Орвиллл 37 метрді 12 секундта ұшып өтті. Осы оқиғадан кейін авиация дамуында үлкен жетістіктерге жетті және біз енді өз өмірімізді әуе сапарынсыз елестете алмаймыз.

Массагет порталы ұшақ пен ұшқыш туралы қызық деректерді ұсынады.

1. Әскери ұшқыштар неліктен жібек шарф таққан?

Авиация енді дами бастаған кезде ұшқыштар жанына жібек шарф алып жүрді. Ол осы мамандықтың қажеттілігі еді. Себебі әскери ұшқыш костюмнің жағасы қатты болғаны соншалық, басты ары-бері бұрғанда киім мойнынды қажап, қанататын. Жібек шарфтар теріні сақтау үшін міндеттелген.

2. Ұшақ салонындағы салқын ауа жолаушылар үшін қажет

Ұшақпен ұшып көргендер салонның өте салқын болатынын біледі. Тіпті кейбір жолаушылар қалың киініп, оранып отырады. Сыртта ауа райы өте ыстық болса да, ұшақ салқын болады. Салондағы салқын температура авиакомпания басшыларының жылу жүйесін үнемдеу үшін емес, жолаушылардың денсаулығы үшін қажет. Себебі ұшақ көтеріліп, қысым өзгерген кезде болатын төмен температура гипоксия қаупін азайтады (ағзадағы оттегінің төмендеуі).

3. Ұшқыштарға сақал қоюға болмайды

Сақалы бар ұшқышпен кездеспегеніңізге сенімдіміз. Оларға сақал қоюға тыйым салынған. Себебі ол ұшақ салонындағы жолаушылар өміріне жауапты адам. Адамдарға көмектесу үшін ұшқыштың оттегі жетіспеушілігнінен есінен танып қалмауы маңызды. Сондықтан, төтенше жағдай кезінде оттегі маскасы оның бетіне барынша орнықты болып тұруы керек.

4. Ұшқыш ұшақты басқарған кезде аспанда еркін жүріп-тұра алады

Ұшқыш басқарған кезде аспанда еркін жүріп-тұра алады. Олар тіпті жуынып алуына да болады. Бұл жағдайда екінші пилот жағдайды бақылап отырады.

5. Кез келген адам ұшақты қондыра алмайды

Голливуд киноларында террористерден бүкіл экипажды құтқарған адам ұшақты аман-есен қондырып жатады. Бұл енді нағыз өтірік! Себебі авиациядан хабары жоқ кез келген қарапайым адам ұшақты қондыра алмайды. Бұл көптеген жылдар бойы зерттелген ғылым.

6. Қызық статистика

– Жыл сайын 5 миллиард адам әуе компанияларының қызметін пайдаланады;

– Әлемде әр екі секунд сайын бір ұшақ ұшып, бірі қонады;

– Әлемде күніне шамамен 3 миллион адам ұшады. Сонымен бірге әлем халқының тек 5 пайызы ғана ұшақпен ұшқан. 

Т. Раушанұлы