Қытайлық әйел кірпік өсіру бойынша рекорд орнатты

Қытайлық әйел кірпік өсіру бойынша рекорд орнатты

Қытайлық Ю Цзянсиа есімді әйел ең ұзын кірпіктің иесі ретінде рекорд орнатты. Бұл туралы Гинесс Рекордтар кітабының ресми сайты хабарлады.

Оны ең ұзын кірпік иесі ретінде 2016 жылы Гиннес Рекордтар кітабы тіркеген. Сол кезде әйелдің кірпігі 12,4 см болған.

Бірақ уақыт өткен сайын Цзянсианың кірпігі өсе берген. 2021 жылы мамыр айының соңында оның кірпігінің ұзындығы 20 сантиметрге жеткен.

Оның айтуынша, бұл ерекше қасиетті 2015 жылы өз бойынан байқаған.

"Мен кірпігімнің неге басқа адамдардың кірпігіне қарағанда ұзын екенін білу үшін медицина мамандарына бардым. Дәрігер оның себебін түсіндіре алмады. Сондай-ақ тұқым қуалаушылық сияқты кез келген ғылыми себептерді табуға тырыстым. Алайда, менің отбасымда ешкімде ұзын кірпік жоқ, сондықтан оны түсіндіру мүмкін емес", - дейді рекорд иесі.

Ю Цзянсиа ұзын кірпігін Будданың сыйы деп есептейді.

"Мен неге кірпінімнің кенеттен өсіп кеткенін көп ойладым. Содан кейін көп жыл бұрын тауда 480 күннен астам уақыт өткізгенім есіме түсті. Сондықтан кірпігімнің өсуі Будданың сыйы болуы керек", - дейді ол.

Ю Цзянсиа ұзын кірпігінің себебі қандай болмасын, бұл оған күш береді деп санайды.

"Ұзын кірпігім мен мықты денсаулығымның арасында қандай да бір байланыс бар шығар. Қазір денсаулығым жақсы, бірақ туған кезде салыстырмалы түрде әлсіз болдым. Қазір өзімді өте жақсы сезінемін және көптеген адамдар мені жас көрінеді деп санайды", - дейді Цзянсиа

Ю Цзянсиа өзінің ерекше кірпігі ұзындығына қарамастан күнделікті өміріне әсер етпейтінін айтады.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді