Франция екінші бостандық мүсінін АҚШ-қа жібереді

Франция екінші бостандық мүсінін АҚШ-қа жібереді
Фото: phofessional.blogspot.com

Франция екінші Бостандық мүсінін 7 маусымда АҚШ-қа жібереді. АҚШ-тағы әйгілі мүсіннің "егізі"10 жылға дейін осы елде сақталады.

BFMTV-дің хабарлауынша, Америка Құрама Штаттарына жіберілетін мүсін – ХІХ ғасырдың соңында Гюстав Эйфель жасаған түпнұсқа Бостандық мүсінінің әлдеқайда кішірек көшірмесі. Оның биіктігі небары 2,83 метрді құрайды. Бүгінге дейін ол Париж көшелерінің біріне тұрған.

Мүсін АҚШ-қа Тәуелсіздік күні, 4 шілдеде жетеді. Ол Нью-Йорк маңындағы Эллис аралындағы Ұлттық көші-қон мұражайында орнатылады және 10 жыл бойы сол жерде сақталады.

Азаттық мүсінінің біз білмейтін тарихы

Бостандық мүсінін Америкаға 1886 жылы Франция үкіметі АҚШ Тәуелсіздік декларациясының 100 жылдығына сыйлық ретінде жіберген. 135 жылдан кейін Франция екі ел арасындағы достықты растау үшін АҚШ-қа тағы бір Бостандық мүсінін жібергелі отыр.

Бостандық мүсіні Нью-Йорк шығанағындағы Либерти аралында орналасқан. Мүсіннің биіктігі 46 метр, ал тұғырмен 93 метр. Ол 1984 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Т. Раушанұлы