Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Африкалықтар Месси бұзған рекордқа шағым түсірмек

Африкалықтар Месси бұзған рекордқа шағым түсірмек

Африкалықтар Месси бұзған рекордқа шағым түсірмек

Замбия футбол ассоциациясы "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессидің орнатқан рекордына (бір жылда соққан гол саны бойынша) келіспей, ФИФА-ға шағым түсірмек. 

Естеріңізде болса, Лео Месси 9 желтоқсан күні Герд Мюллердің 1972 жылы орнатқан "мәңгілік" рекордына түзету енгізген еді. 

Африка елінің спорт шенеуніктерінің айтуынша, әлемде бір жыл ішінде ең көп гол соққан олардың отандасы Годфри Читалу екен. Ол 1972 жылғы ойын маусымында 107 мәрте қақпаны дәл көздеген. Бірақ сол кездегі ФИФА басшылығы ол орнатқан рекордты жергілікті біріншілік құжаттарының нашар рәсімделуіне байланысты тіркемеген көрінеді. 

Енді міне, арада қырық жыл уақыт өткеннен соң, Замбия футбол ассоциациясы тәуелсіз коммисия құрып, Читалу соққан голдардың нақты санын есептеп, қорытынды нәтижені ФИФА басшылығына тапсырмақ. 

Годфри Читалу өзінің футбол мансабын 1968 жылы бастап, бүкіл футбол тарихын Замбия клубтарында өткізген екен. Читалу Замбияның бес дүркін чемпионы. Мансабын 1982 жылы аяқтаған ол іле-шала ұлттық құрама тізгінін ұстайды. 1993 жылы футболдан Замбия құрамасымен бірге қайғылы жағдайда әуе апатында қаза табады.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: futbik-news.blogspot.com

1246 5
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 13 желтоқсан 2012, 17:15
Пікірлер
+0
13 желтоқсан 2012, 18:00

Фифа африка деп елемеген ғой бұрын

+0
13 желтоқсан 2012, 19:17

Қай елдің чемпионаты болсын голды есептеу керек. Басқа елдің чемпионатын Испанияның Лигасымен салыстырған дұрыс емес. Мессидің мынау жаңалықты естігендегі түрін көргім келіп кеткені :lol:

+0
14 желтоқсан 2012, 15:55

Қанша жерден тырысса да Замбиялықтар дәлелдей алмайды. Факт жок. Құжат жоқ оған. Мессидікі бүкіл әлем санат жур. міне, дәлел

+0
18 желтоқсан 2012, 03:58

Миссиди унатпаймын соны су каным суймйт

+0
18 желтоқсан 2012, 19:36

Месси месси........ Бале болды ғой қортық, Реалдан он екі ұпайға өтті. :x :x :x :x

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...