Бір жылда ең көп табысқа кенелген 10 спортшы

Бір жылда ең көп табысқа кенелген 10 спортшы

Forbes басылымы бір жыл ішінде ең көп табысқа кенелген спортшылардың рейтингін жариялады. Бұл тізімді UFC жұлдызы Конор Макгрегор көш бастап тұр.

Ирландиялық спортшы алғаш рет рейтинг басына шықты. Бір жыл ішіндегі табысы 180 миллион долларды құраған. Оның 150 миллионын өз атындағы бренд ішімдік бөлігін сату арқылы тапқан. 8 миллион долларды жарнама келісімшарты бойынша алған. Ал октагонға шыққаны үшін 22 миллион доллар көлемінде сыйақыға кенелген. 

Екінші орында – Лионель Месси. Аргентина ұлттық құрамасы және "Барселона" клубының көшбасшысының жылдық табысы 130 миллион долларды құрап отыр. Оның 97 миллионын клубтағы еңбекақысы ретінде алса, 33 миллион доллар "Adidas" компаниясымен өмірлік келісімшарты бойынша және басқа да жарнама бойынша түскен. 

Үштікті Криштиану Роналду түйіндеп тұр. Ол бір жыл ішінде 120 миллион доллар табысқа кенелген. Оның 50 миллионын жарнама келісімшарты мен өзге де кәсібінен түскен табысы құрайды. Ал келісімшарт бойынша "Ювентустегі" жылдық табысы 64 миллион доллар көлемінде. Сондай-ақ Nike компаниясымен өмірлік келісімшарты, жеке бизнесі, брендтік киімі, аксессуарлары, қонақ үй мен жаттығу залдары бар. 

Forbes спортшылардың 2020 жылдың 1 мамыр  мен 2021 жылдың 1 мамырына дейінгі аралықтағы еңбекақы, сыйақы, демеушілік келісімшарты мен кәсібінен түскен табысын есептеген. 

Ең көп табысқа кенелген 10 спортшы рейтингі:

1. Конор Макгрегор (ММА, UFC) - 180 миллион доллар
2. Лионель Месси ("Барселона", футбол) - 130 миллион доллар
3. Криштиану Роналду ("Ювентус", футбол) - 120 миллион доллар
4. Дак Прескотт ("Даллас Ковбойс", американский футбол) - 100 миллион доллар
5. Леброн Джеймс ("Лос-Анджелес Лейкерс", баскетбол) - 96,5 миллион доллар.
6. Неймар (ПСЖ, футбол) - 95 миллион доллар
7. Роджер Федерер (теннис) - 90 миллион доллар
8. Льюис Хэмилтон ("Мерседес", "Формула-1") - 82 миллион доллар.
9. Том Брэди ("Тампа-Бэй Бакканирс", америкалық футбол) - 76 миллион доллар
10. Кевин Дюрант ("Бруклин Нетс", баскетбол) - 75 миллион доллар


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді