3 мың жыл бұрын да тіс протездері болған ба?

3 мың жыл бұрын да тіс протездері болған ба?

Стоматология – медицинаның ежелгі салаларының бірі. Археологиялық қазбалар 7500-9000 жыл бұрын қазіргі Пәкістанда тісті емдеу үшін бормашинаның прототипі (тіс емдейтін құрал) қолданылғанын көрсетті.

Тісті емдеудің алғашқы сипаттамалары біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдыққа жатады. Сол кезде Ниппурдан (қазіргі Ирак) тісті емдеуге арналған рецептері бар хаттар табылды. Тіс пен ауыз қуысының аурулары, оларды алдын-алу және консервативті емдеу туралы "Гиппократ жинағында", Аристотель мен Ежелгі Рим дәрігерлерінің еңбектерінде сипатталған. Этрус мәдениетіне жататын (біздің дәуірімізге дейінгі мың жыл бұрын Арно мен Тибр өзендерінің арасында Апеннин түбегінің солтүстік-батыс бөлігінде қалыптасқан ежелгі өркениет) ежелгі протездер туралы мәлімет те бар.

Абу Али ибн Сина (Авиценна) "Медицина заңдары" (ХІ ғ.) атты жинағында тістің өсуі мен құрылымы туралы, жасына байланысты мәліметтер, сонымен қатар тіс және ауыз қуысы ауруларының көптеген белгілері, сол кезде белгілі болған емдеу әдістері, тіс күтімі т.б тіске қатысты мәліметтер сипатталған.

ХІХ ғасырда тіс дәрігерлерін дайындайтын алғашқы арнайы мектептер пайда болды. Әлемдегі алғашқы стоматологиялық мектеп 1840 жылы АҚШ-тың Балтимор қаласында ашылды. Кейінірек осындай мектептер Англияда, Францияда, Швейцарияда, Ресейде, Германияда іргесі қаланды.

Ежелгі Мысырдағы тіс емдеу әдісі

Стоматологияның кәсіп және ғылым ретінде негізін салушы француз Пьер Фошар (1690-1762). 1728 жылы ол стоматология саласындағы ғылыми және практикалық білімдерді жүйелейтін "Стоматологиялық хирургия мен емдеу бойынша нұсқаулықты" шығарды. Фошар ортодонтияның да негізін қалаған. Ол протездерді ауызға бекіту үшін серіппе және тістерге алтын жалату, жасанды тіс крондарына арналған фарфор шпондарын ойлап тапты.

ХІХ ғасырдың ортасында стоматологиялық орындық пен бормашинаның өнертабысы стоматологиялық практика үшін нағыз революция еді.

Тісті азот қолданып жұлу әдісі

1776 жылы ағылшын химигі, философы Джозеф Пристли (Joseph Priestley) ауруды басатын азот оксидін ойлап тапты. Бұл ғажайып қоспаны тіс дәрігерлері де пайдалана бастады. Америкалық стоматолог Хорас (Гораций) Уэллс (Horace Wells) 1844 жылы тісті емдеу кезінде азот қоспасы ауруды расында да басатынына көзі жетіп, тағы бір стомотолог Джон Рингті шақырып, азот қоспасынан жаңадан ауруды басатын дәрі дайындап өзіне пайдаланып, тісін жұлдырып тастайды. Жеңіл ғана шаншуды сезінген ол “тіс емдеу дәуірінің гүлденеген уақыты келді” деп жар салды.

Жыл сайын 9 ақпанда бүкіл әлемде Халықаралық стоматологтар күнін атап өтеді.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді