Әлемде талай қызық бар: адам өмір бойы қанша жол жүреді?

Әлемде талай қызық бар: адам өмір бойы қанша жол жүреді?
Фото: frazy

Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықтармен бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз. 

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер

♦ Жер өзін 23 сағат 56 минут 4 секундта айналып шығады. Артылып қалған 3 минут 56 секунд жиналып, 4 жылда бір күн болады. Кібісе жылы осы себептен қалыптасқан;

♦ Адам өмір бойы Жерді айналып өтетін қашықтықты үш рет жүріп өтеді;

♦ Біздің денемізде планетадағы адамдардан да көп организм өмір сүреді;

♦ Жердегі ең құрғақ мекен – Антарктидада. Антарктидадағы Мак-Мердо алқабында 2 миллион жылдан бері жауын-шашын болмаған;

♦ Күн дауысының қатты болғаны соншалық, егер кеңістік вакууммен емес, ауамен толтырылса, біз әрқашан 125 децибелдің қатты дыбыс еститін едік. Салыстыру үшін айтатын болсақ 125 дцб ұшақтың старт кезіндегі дауысына тең;

♦ Адам ағзасындағы ең күшті бұлшықет – тіл;

♦ Ер адамды найзағай соғуы әйелге қарағанда 6 есе көп;

♦ Егер Сoсa-Сola-ға бояғыш қосылмаса, оның түсі жасыл болар еді;

♦ Төрт жастан асқан бала күніне орта есеппен 400 сұрақ қояды;

♦ Ғарышкерлер шлеміне мұрынды қытықтайтын арнайы қондырғы орнатылған;

♦Қытайлар күннен қорғайтын көзілдірікті ХІІ ғасырдан бастап қолданған. Линзалар түтінді кварцтан жасалатын. Көзілдірік күн сәулесінен қорғап қана қоймай, эмоцияны жасыруға да көмектескен. Судьялар куәгерлер мен күдіктілерден жауап алу кезінде осы көзілдірікті пайдаланған.

Т. Раушанұлы