Әлемде талай қызық бар: акуланың жасы, мұхит түбіндегі алтындар туралы

Әлемде талай қызық бар: акуланың жасы, мұхит түбіндегі алтындар туралы
Фото: wayfair.com

Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықтармен бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз. 

♦ Бүкіл әлемдегі ең танымал және ең көп қолданылатын сөз – "ok" сөзі;

♦ Акулалар өте ұзақ өмір сүреді. Кейбіреуінің жасы ежелгі ағаштардан да үлкен. Мысалы 2019 жылы табылған Гренландия поляр акуланы ағылшын ғалымдары 500 жаста деп есептеген;

♦ Планета тұрғындарының жартысы қарды ешқашан көрмеген;

♦ Тиіндер мысық сияқты пырылдайды;

♦ Әлемде  ең көп сатылатын зат кубик-рубик, екінші орында – Apple технологиясы;

♦ Колибри артқа қарай ұшатын жалғыз құс. Алайда ол жерде жүре алмайды;

♦ Телефонды ойлап тапқан Александром Белл өмір бойы анасына немесе сүйікті әйеліне ешқашан қоңырау шалмаған. Себебі олар екеуі де саңырау еді. Сондықтан ол бұл құрылғыны жеке мақсат үшін емес, адамзат үшін ойлап тапты;

♦ Қазіргі эскимостар (АҚШ-та, Солтүстік Канадада және Гренландия аралында Аляскада тұратын адамдар) тоңазытқышты салқындату үшін емес, керісінше, тағамды жылы ұстау үшін сатып алады. Егер тоңазытқыш жылыту үшін пайдаланылса, олар қаншалықты суық жерде өмір сүретінін елестетіп көріңіз;

♦ Мұхиттарда адамзат тарихында өндірілгеннен гөрі көп алтын жасырынған. Демек, мұхит түбінде әлем экономикасын толығымен өзгерте алатын қазына бар;

♦ Бетховен атақты тоғызыншы сонатасын жазған кезде саңырау болған;

♦ Италияның мемлекеттік туын Наполеон ойлап тапқан;

♦ I Елизавета 1762 жылы қайтыс болған сәтте оның киім гардеробында 15 000 көйлегі болған;

♦ Акулаларда ракка қарсы иммунитет сақталған;

♦ Әлемдегі ең ірі жапырақ – Рафия пальмасы (20 м).

Т. Раушанұлы