Күнделікті қолданатын заттарды кім ойлап тапты?

Күнделікті қолданатын заттарды кім ойлап тапты?

Адамзат игілігі үшін жаратылған заттар артында қаншама еңбек пен маңдай тер жатқанын ескере бермейміз. Біз үшін олар жай ғана қажеттілігіміз үшін қолданатын құрал. Бүгін назарыңызға күнделікті жиі қолданатын заттардың шығу тегін ұсынамыз.

Азық-түлікті мұздату қалай пайда болды?

Америкалық өнертапқыш, кәсіпкер және натуралист Кларенс Фрэнк Бёрдсей II өнеркәсіпте заманауи тағамдарды мұздату идеясының авторы. 1912-1915 жылдар аралығында Ньюфаундлендте -40 градус суықта аулаған балығының мұздап қалып, біршама уақыт өтіп, ол еріген кезде бұзылмай, жаңа ауланған балықтай болатынын байқайды.

Бёрдсей осыдан соң коммерциялық қолдануға бейімделген жылдам мұздату әдісін ойлап тауып, оны нарыққа енгізді. 1929 жылы оның компаниясы азық-түлік өнімдерінің жиырма жеті түрін - еттен балыққа, жидектен бұршақ дейін – мұздату, сақтау және орау технологиясын көпшілікке ұсынады.

 Ұялы телефон және Wi-Fi

Ұялы телефон мен Wi-Fi-дың шығу тегі ХХ ғасырдың ортасында пайда болған дегенге сену қиын. Бірақ шынында да солай болған. 1941 жылы актриса Хеди Ламарр әуе жиілігінің динамикалық өзгеруі нәтижесінде жаумен байланыс орнатуды қиындатқан жасырын әскери байланыс құралына патент алды. Бүгінгі таңда ұялы телефондар мен Wi-Fi құрылғылары осы технологияға негізделген.

 Автокөліктің әйнек тазалағышы

Жүзім бағбаны Мэри Андерсон 1903 жылы қарлы боран кезінде машинаның алдыңғы әйнегіндегі қарды тазалау үшін машинаны минут сайын тоқтатуға мәжбүр болған жүргізушіні көреді. Содан кейін ол қазір күнде барлық темір тұлпардың маңызды бөлігі саналатын – әйнек тазалағышты ойлап тапты.

 Киім ілгіш

1903 жылы киім фабрикасында жұмыс істеген Альберт Парк Хаус жұмысшылардың өздерінің пальтоға арналған ілгектер жетіспейтінін айтып үнемі шағымдана бергенінде, оған жауап ретінде, киім ілгіш ойлап тапты. 1932 жылы дымқыл киімнің ілінуіне және мыжылуына жол бермеу үшін ілгектерге картон қосылды, осылайша қазіргі киім ілгіштің алғашқы нұсқасы пайда болды.

Бір реттік шыныаяқ

Физик Хью Мур ауыз судың бөшкелеріне байланған ыдыспен барлығы су ішетініне наразы болған. Өйткені бұл ыдыс инфекция тарату ошағы болатын. Содан кейін ол ыдысты бір реттік қағаз шыныаяқтармен ауыстыруды ұсынды. Осылайша біз күнделікті қолданатын бір реттік ыдыстар пайда болды.

Т. Раушанұлы