«Арсенал» қыстық ауысым кезінде 62 миллион евро жұмсамақ

«Арсенал» қыстық ауысым кезінде 62 миллион евро жұмсамақ

«Арсенал» қыстық ауысым кезінде 62 миллион евро жұмсамақ, деп хабарлайды Goal.com.

Қазіргі таңда "канонирлердің" айналымындағы басы артық ақшаның есебі 75 миллион евроны құраса, тиісінше жаз айларында "Emirates"-пен арадағы демеушілік келісімнен 37 миллион евро қалтаға құйылады екен. 

Анықталғандай, лондондық клубтың мұндай қадамға баруының басты себебі ретінде "Арсеналдың" ел біріншілігінде сүреңсіз ойын көрсетіп жүргені себеп болған. Мәселен, "канонирлер" бүгінгі таңда чемпионаттың жетінші сатысында тұр. Өз кезегінде аталған көрсеткіш Чемпиондар Лигасына жолдама алып бермеуі мүмкін...

Команданың бас бапкері Арсен Венгер ең алдымен қақпа күзетін, тіреуіш жартылай қорғаушы мен шабуылдау шебін қолға алмақшы. Мысалы, қыстық ауысым кезінде лондондықтарға «Кристал Пэластың» жартылай қорғаушысы Уилфрид Заа, "Ливерпулдің" қақпашысы Хосе Рейна, "Атлетика" командасынан Адриан Лопес пен «Ньюкаслдан» Демба Ба ауысуы мүмкін. Сонымен қатар команда басшылығы «Нью-Йорк Ред Буллс» клубында өнер көрсететін шабуылшы Тьерри Анриді арендаға алу мәселесімен келісіп үлгеріпті.

Мұнымен қоймай "Арсенал" командасы төмендегі ойыншылармен қош айтысуы мүмкін: Андрей Аршавин, Маруан Шамах, Лукаш Фабиански, Себастьян Скиллачи, Эммануэль Фримпонг пен Абу Диаби.

сурет:arsamania.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига