Месси Пеленің рекордын жаңартты

Аргентиналық футболшы Лионель Месси бір клуб сапында соққан гол саны бойынша үш дүркін әлем чемпионы Пеледен басып озды. 

"Барселонаның" капитаны Испания чемпионаты аясында өткен "Вальядолидке" қарсы матчта көзге түсіп, каталониялық команданың жейдесінде 644-ші голын соқты. Осылайша Месси Пеленің көрсеткішін бір голға жаңартты.

"Футболшы болғанда рекордтарды бұзамын деп ойламаппын. Оның үстіне, Пеленің өзі орнатқан рекордты жаңарттым.

Маған көмектескен әрбір жанға алғысымды айтамын. Әріптестеріме, туысқандарыма, достарыма және маған күнде қолдау көрсеткен әрбір адамға көп рақмет", – деп әсерімен бөлісті Месси Instragram-парақшасында.

Пеле рекордын қайталаған Мессиді құттықтап, оның өнеріне тәнті екенін жеткізген. Даңқты бразилиялық футболшы "Сантоста" ойнап жүргенінде 643 гол соғып үлгерген.

Лионель Месси "Барселонаның" сапында 644 гол соқса, Аргентина құрамасының жейдесінде 31 мәрте көзге түскен. Ал жалпы мансабында 675 рет қарсылас қақпасын дәл көздеді.