Фалькао "Реалға" ауысатын болды

Фалькао "Реалға" ауысатын болды

"Атлетико" клубының шабуылшысы Радамель Фалькао Мадридтің "Реал" клубына ауысатын болды. Бұл туралы Фалькао "Атлетико" мен "Депортиво" (6:0) кездесуінен соң клубтастарына айтқан екен. Естеріңізге салсақ, ол осы ойында бес голдың авторы атанды.

Испандық Marco басылымының жазуынша, футболшы "корольдік клуб" басшысы Флорентино Переспен де келісіп қойған екен. Алдын ала болжам бойынша, келісім-шарт құны 60 миллион еуроны құрап отыр.   

Колумбиялық ойыншы әзірге осы маусымды "Атлетико" сапында өткізбек. 

2012-13 жыл маусымында Радамель Фалькао "Атлетико" сапында 14 ойын өткізіп, 16 доп соққан. Ол әзірге осы нәтижемен Примера бомбардирлері арасында Лионел Мессиден (23 гол) соң екінші болып келеді.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: fanatik.kz

Б. Қосмағамбет