Қауіпсіздік жастығы: депозит ашыңыз да, сыйлық алыңыз

Депозитпен бүгін ешкімді таңқалдыра алмайсыз, бұл банк өнімі қазақстандықтар арасында ерекше танымалдыққа ие, алайда жинақталып жатқан қаражатыңыз үшін қосымша бонус алуға болатындығы туралы екінің бірі біле бермейді. Мысалы, АТФБанк тек пайыздармен ғана ұтыста болмай, қосымша табыс та алуды ұсынады. Қалай? Бар болғаны "Депозитке сыйлық" акциясына қатысу керек. Оның ережесі тіпті қарапайым – банк клиенттері "Арман" немесе "Арман плюс" жинақтау салымын ашқан кезде сыйлыққа ұялы телефон теңгеріміне 10 мың теңге мөлшерінде ақшалай бонус түседі.  Жеке бюджетіңізге бұл кәдімгідей көмек болары анық! Оны қалай алуға болатындығы туралы мына сілтемеден біле аласыз.

Ақшалай депозит ашу маңыздылығы туралы тіпті қаржылық кеңесшінің көмегінсіз-ақ, бәрімізге түсінікті, ақша қоры дегеніміз "must have" санатындағылар қатарына жатады және ол ешқашан артық болмайды. Қазіргі күнде өзгеріп жатқан заман ағымы әркімнің күтпеген сәтте табыссыз қалуы мүмкін екенін анық көрсетуде, сол себепті әрқашан қосымша қаражат өзіңізден табылып, қиын қыстау заман туа қалса қауіпсіздік жастығы сияқты жұмсақ жерге тұрақтауды қамтамасыз ететін қосымша құрал ретінде тұруы қажет.

Ақшаны әдетте үйде, көрпенің астында сақтау жиі кездесетін ең қолжетімді тәсіл, дегенмен бұл біріншіден қауіпті, екіншіден өте тиімсіз, өйткені үйде жатқан ақша көгермесе, көбеймейтіні анық. Оның үстіне осы сияқты "үйде тығылған қорды" сақтап көбейту күнделікті үй жағдайында тіпті оңай емес, тұрмыстық қажеттіліктер үшін сіз оны шетінен аз-аздан жарата беріп, бір күні ақша қорыңыздың түбі ойылып қалғанын байқамай да қаласыз.

Ең дұрыс шешім – банк депозиті. Ол сенімді, қолжетімді және түсінікті қаржылық құрал, депозитте сақталатын қаражат үшін қорқыныш та жоқ, оны шетінен жұлымдап жұмсамайсыз да, қаржылық тәртіпті ұстанасыз, ақшаңызға да пайыз қосыла береді. Осыған орай, АТФБанктің клиенттері депозиттерде қор жинау өзіндік қаржылық тәртіпті қалыптастырып, қалтаңыздағы ақша жайлы алаңдамауға үйрететінін айтады. Депозит таңдағанда, бастысы, шарттары өзіңізге тиімдірегіне мән берген дұрыс. Бұл ретте АТФБанк ұсынатын депозит өнімдері арасынан ыңғайлысын таңдап алсаңыз болғаны:

"Ыңғайлы" – ЖТСМ 9% дейін, мерзімі 12 айдан 36 айға дейін, ең аз салым сомасы – 1000 теңге, депозитті алуға және толтыруға болады;

• "Арман" – ЖТСМ 14% дейін, мерзімі 6 айдан 36 айға дейін, ең аз салым сомасы – 150 000 теңге, депозитті алуға болмайды, бірақ толтыруға болады;

• "Арман плюс" - ЖТСМ 12,3%, мерзімі 6 айдан 36 айға дейін, ең аз салым сомасы – 15 000 теңге, депозитті алуға болмайды, бірақ толтыруға болады.

АТФБанк депозиттерінің артықшылықтарына оларды АТФБанктің cash-in банкоматтары және көп жерде көздесетін Касса24 және Qiwi терминалдары арқылы толтыру мүмкіндігі, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан сақтандыруды жатқызуға болады, сонымен бірге егер сіз "Ыңғайлы" депозитін таңдаған болсаңыз сіз оны ATF24 интернет-банкингі арқылы 24/7 режимінде пайдалана аласыз.

Депозит ашу өзіңізді қаржылық қауіпсіздікте сезінуге мүмкіндік беретін қадам. Болашағыңызды ойласаңыз бүгіннен қамданыңыз!

Серіктес материалы