Чемпиондар лигасы тарихында ең көп гол соққан футболшылар

Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталып келеді. Түнде жанкүйерлер асыға күткен ойынның бірі Барселонада өтті. Каталондық клуб "Камп Ноуда" Туриннің "Ювентус" командасымен кездесті.

Жанкүйерлер бұл ойыннан бұрын Роналду мен Месси текетіресін күтті. Екеуі де Чемпиондар лигасының ең үздік сұрмергендері. Матчта португалдық ойыншы екі бірдей пенальтиді сәтті орындаса, аргентиналық сұрмерген гол соға алмады.

Криштиану Роналду "Барселона" қақпасына екі гол соғып, жарыстағы голдар санын 134-ке жеткізді. Месси болса 7 рет соққы жасап, Буффон қорғаған қақпадан саңылау таппады. Ойында 3:0 есебімен "Ювентус" жеңіске жетті.

Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендері (іріктеу кезеңін есепке алмағанда)

134 гол: Криштиану Роналду ("Манчестер Юнайтед", "Реал", "Ювентус") 
118: Лионель Месси ("Барселона")
71: Рауль Гонсалес ("Реал", "Шальке")
71: Роберт Левандовски ("Боруссия" Дортмунд, "Бавария")
67: Карим Бензема ("Лион", "Реал")
56: Рууд ван Нистелрой (ПСВ, "Манчестер Юнайтед", "Реал")
50: Тьерри Анри ("Монако", "Арсенал", "Барселона")
48: Златан Ибрагимович ("Аякс", "Ювентус", "Интер", "Барселона", "Милан", "Пари Сен-Жермен", "Манчестер Юнайтед")
48: Андрей Шевченко ("Динамо" Киев, "Милан", "Челси")
47: Томас Мюллер ("Бавария")
46: Филиппо Индзаги ("Ювентус", "Милан")

Бір команда сапында ең көп гол соққан футболшылар (іріктеу кезеңін есепке алмағанда)

118: Лионель Месси ("Барселона")
105: Криштиану Роналду ("Реал")
66: Рауль Гонсалес ("Реал")
55: Карим Бензема ("Реал")
53: Роберт Левандовски ("Бавария")
47: Томас Мюллер ("Бавария")
41: Алессандро Дель Пьеро ("Ювентус")
35: Тьерри Анри ("Арсенал")
35: Рууд ван Нистелрой ("Манчестер Юнайтед")
35: Серхио Агуэро ("Манчестер Сити")

Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендері (іріктеу кезеңімен қоса алғанда)

135: Криштиану Роналду ("Манчестер Юнайтед", "Реал", "Ювентус") 
118: Лионель Месси ("Барселона")
71: Рауль Гонсалес ("Реал", "Шальке-04")
71: Роберт Левандовски ("Боруссия" Дортмунд, "Бавария")
67: Карим Бензема ("Лион", "Реал")
60: Рууд ван Нистелрой (ПСВ, "Манчестер Юнайтед", "Реал") 
59: Андрей Шевченко ("Динамо" Киев, "Милан", "Челси")
51: Тьерри Анри ("Монако", "Арсенал", "Барселона")
50: Филиппо Индзаги ("Ювентус", "Милан")

Чемпиондар лигасының әр маусымдағы үздік сұрмергендері

2019/20: Роберт Левандовски ("Бавария") - 15
2018/19: Лионель Месси ("Барселона") - 12
2017/18: Криштиану Роналду ("Реал") - 15
2016/17: Криштиану Роналду ("Реал") - 12
2015/16: Криштиану Роналду ("Реал") - 16
2014/15: Лионель Месси ("Барселона"), Неймар ("Барселона"), Криштиану Роналду ("Реал") - 10
2013/14: Криштиану Роналду ("Реал") - 17
2012/13: Криштиану Роналду ("Реал") - 12
2011/12: Лионель Месси ("Барселона") - 14
2010/11: Лионель Месси ("Барселона") - 12
2009/10: Лионель Месси ("Барселона") - 8
2008/09: Лионель Месси ("Барселона") - 9
2007/08: Криштиану Роналду ("Манчестер Юнайтед") - 8
2006/07: Кака ("Милан") - 10
2005/06: Андрей Шевченко ("Милан") - 9
2004/05: Рууд ван Нистелрой ("Манчестер Юнайтед") - 8
2003/04: Фернандо Морьентес ("Монако") - 9
2002/03: Рууд ван Нистелрой ("Манчестер Юнайтед") - 12
2001/02: Рууд ван Нистелрой ("Манчестер Юнайтед") - 10
2000/01: Рауль Гонсалес ("Реал") - 7
1999/00: Марио Жардел ("Порту"), Ривалдо ("Барселона"), Рауль Гонсалес ("Реал") - 10
1998/99: Андрей Шевченко ("Динамо" Киев), Дуайт Йорк ("Манчестер Юнайтед") - 8
1997/98: Алессандро Дель Пьеро ("Ювентус") - 10
1996/97: Милинко Пантич ("Атлетико") - 5
1995/96: Яри Литманен ("Аякс") - 9
1994/95: Джордж Веа ("Пари Сен-Жермен") - 7
1993/94: Христо Стоичков ("Барселона") - 5
1992/93: Франк Созе ("Олимпик") - 5