Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды

Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Фото: ebene-magazine.com

"Омония" футбол клубының жартылай қорғаушысы Жорди Гомес Еуропа лигасында ең алыс қашықтықтан гол соққан ойыншы ретінде рекорд тіркеді. Ол түнде өткен Нидерландтың ПСВ командасына қарсы ойында 56 метр қашықтықтан гол соқты.

Еуропа лигасы топтық кезеңінің екінші турында кипрлік команда жеңіске жете алған жоқ. Жорди Гомес айрықша голымен командасын алға шығарғанмен, ПСВ ойын соңына дейін жеңіске бастар жолды тапты. 2:1 есебімен Нидерландтан келген команда жеңіске жетіп, 3 ұпайды еншілеп қайтты.

Еуропа лигасында ең алыстан соғылған гол рекорды жуырда ғана жаңарған еді. Топтық кезеңдегі бірінші турда "Рейнджерс" (Шотландия) ойыншысы Кемар Руф "Стандарт" (Бельгия) қақпасына 50 метр қашықтықтан гол соққан болатын. Ендігі рекорд – Жорди Гомес еншісінде.

Н. Үсенова