Месси қайтып оралды

Месси қайтып оралды

Каталониялық "Барселона" клубының үздік шабуылшысы Лионель Месси жарақатынан айығып, негізгі топқа қайта оралды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Естеріңізге сала кетсек, Месси осыған дейін чемпиондар Лигасының аясында өткен "Бенфикаға" қарсы ойында тізесінен жарақат алған болатын.

Осылайша, "Барселона" ойыншысы командаға қайтіп оралып, 15 тур аясында өтетін "Бетиске" қарсы ойында алаңға шықпақ. Егер Леоның жағдайы қалпында болса, ол осы ойында бір жылдағы гол көрсеткіші бойынша, Герд Мюллердің рекордына түзету енгізуі әбен мүмкін. Қазір Мессидің еншісінде 84 гол бар. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: emirates247.com 

Б. Қосмағамбет