Қазақстан чемпионатының ең қымбат футболшылары кім?

Қазақстан Премьер-лигасының ең қымбат футболшыларының рейтингі жаңарды. Көш басында тұрған Марин Томасов бірден екі саты төмен түсті.

Transfermarkt дерегіне сүйенсек, "Қайрат" сапында ойнайтын польшалық Яцек Гуральски ел чемпионатының қымбат футболшысы атанды. Оның трансфердегі бағасы – 2,5 миллион еуро.

Екінші орында трансферлік құны 2,2 миллион еуро болатын "Қайраттың" тағы бір футболшысы Адеринсола Эсеола тұр. Үштікті осыған дейін көш бастап тұрған "Астана" ойыншысы Марин Томасов түйіндеді. Оның трансфердегі бағасы 3,8 миллионнан еуродан 2 миллионға дейін түсіп қалды.