FourFourTwo журналы әлемнің жүз үздік ойыншысын таңдады

FourFourTwo журналы әлемнің жүз үздік ойыншысын таңдады

Британдық FourFourTwo журналы желтоқсандық нөмірінде әлемнің жүз үздік аяқдопшысын таңдады.

Бұл тізімге әлемнің кез келген елінде ойнайтын ойыншылар кіре алады. Ал ТМД елдерінен бұл тізімде Еуро-2012 додасында жақсы қырынан көрінген Алан Дзагоев бар. Алан бұл тізімнің 87-сатысында орналасқан. Сонымен қатар тізімде «Зенит» шабуылшысы Халк 79-сатыға жайғасса, «Анжи» командасының камерундық легионері Самуэль ЭтоО 53-орында екен.

Журналдың нұсқасы бойынша, 2012 жылдың үздік ойыншысы болып  - Лионель Месси атанған. Екінші орында «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду. Үздік үштіктің қатарында «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андеас Иньеста бар.

Сонымен қатар үздіктердің қатарында Радамель Фалькао («Атлетико»), Робин ван Перси («МЮ»), Хави («Барселона»), Яя Туре («Манчестер Сити»), Серхио Агуэро («Манчестер Сити»), Андреа Пирло («Ювентус») және Уэйн Руни («МЮ») бар. Айта кетейік, FourFourTwo журналы 1994 жылдан бастап шығып келеді. Ол әлемнің тоғыз тілінде таралады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига