"Евро-2020" Еуропаның бірнеше қаласында өтеді

"Евро-2020" Еуропаның бірнеше қаласында өтеді

УЕФА-ның атқарушы комитеті 2020 жылғы Еуропа біріншілігін Кәрі құрлықтың бірнеше ірі қаласында өткізетін болды. Бұл туралы УЕФА бас хатшысы Джанни Инфантино айтты.

Кеше осы мәселеге байланысты Швейцарияның Лозанна қаласында арнайы жиналыс өтті. Жиналыста бірінші болып көтерілген мәселе, Еуро-2020 турнирін қай қалада өткізу болды. 

«Жиналысқа қатысқан әр елдің футбол басшысы бірауыздан Еуро-2020 додасын Қартамыс құрлықтың бірнеше қаласында өткізуді мақұлдады», - дейді Джанни Инфантино.

Ертеректе көптеген баспасөз өкілдері көптеген Еуропаның ірі қалалары бұл жарысты қабылдай алады деген болатын. Үміткер қалалардың қатарында Мәскеу, Амстердам, Берлин, Афина, Брюссель, Париж, Мадрид, Лиссабон, Базель, Лондан, Загреб, Рим, Стамбұл сынды алпауыт қалалар бар. 

Айта кетейік, Еуро-2020 турнирін бірнеше қалада өткізуді УЕФА президенті Мишель Платини 2012 жылдың шілде айында айтқан болатын. Содан бері бұл мәселе бірнеше жиында талқыланып, енді ғана шешімін тауып отыр. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига