Эрлинг Холандтың бундеслигадағы 5 үздік голы

Эрлинг Холандтың бундеслигадағы 5 үздік голы

Биылғы футбол маусымында ерекше танылған талантты футболшылардың бірі – Эрлинг Холанд. 20 жастағы ойыншы жарқын ойынымен жұрт назарын өзіне аударды.

Эрлинг Холанд Ұлыбританияда дүниеге келген. Әкесі де (Альф-Инге Холанд) кәсіби футболшы болған.

Эрлинг футболдағы жолын Норвегияда бастаған. "Брюн" және "Мольде" клубтарында ойнаған. 2018 жылдың тамызында Австрияның "Зальцбург" клубына ауысып, өзін тамаша қырынан көрсетті.

2020 жылдың қысында шабуылшы Дортмундтың "Боруссия" клубына ауысты. Алғашқы ойындарынан бастап гол соғып, неміс командасы жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысына айналды. 15 ойынға шығып, 13 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеген. Жақында ғана бундеслиганың баспасөз қызметі Эрлингтің ең үздік 5 голын жұрт назарына ұсынды. Бірге қарап көрейік.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар