ХХІ ғасырда ең көп гол соққан 10 команда

Transfermarkt басылымы 2000 жылдан бергі аралықта ең көп гол соққан командалар рейтингін жариялады. Үздіктер көшін "Барселона" бастап тұр.  

ХХІ ғасырда каталондық клуб 1193 ойын өткізіп, 2730 гол соққан. Мадридтің "Реалы" бұл көрсеткіш бойынша екінші сатыда. "Корольдік клуб" 1162 ойында 2633 рет қарсылас қақпасын дәл нысанаға алған. Үздіктер үштігіне Мюнхеннің "Бавария" клубы еніп тұр. 

Үздік ондық:

1. "Барселона" (1193 матч, 2730 гол).

2. "Реал" (1162/2633).

3. "Бавария" (1060/2496).

4. "Арсенал" (1164/2254).

5. "Челси" (1156/2227).

6. "Манчестер Юнайтед" (1169/2226).

7. "Ливерпуль" (1135/2059).

8. "ПСЖ" (1077/2033).

9. "Манчестер Сити" (1024/1963).

10. "Лион" (1069/1938).