"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында рекорд орнатты

"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында рекорд орнатты
Фото: iSport.ua

Футболдан ағылшын премьер-лигасының 34-турында манкуниандық команда "Астон Вилланы" 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Нәтижесінде 4 ойын қатарынан 3 доп айырмашылығымен жеңіске жеткен команда ретінде рекорд орнатты.

Бирмингемде өткен ойында "қызыл сойқандар" сапынан Бруну Фернандеш, Мэйсон Гринвуд және Поль Погба гол соқты. Алаң иелері "Манчестер Юнайтед" қақпасына гол соға алған жоқ.

Уле-Гуннар Сульшер жаттықтыратын команда осыған дейін "Борнмутты" 5:2, "Брайтон" және "Шеффилд Юнайтед" командаларын 3:0 есебімен ұтқан болатын. Турнир кестесінде 58 ұпаймен 5-орында келеді.

Н. Үсенова