Месси мансабындағы 700-ші голын соқты

Месси мансабындағы 700-ші голын соқты
Фото: ESPN

Аргентина ұлттық құрамасы және "Барселона" командасының көшбасшысы Лионель Месси мансабындағы 700-ші голын соқты.

Испания чемпионатының 33-турында "Барселона" Мадридтің "Атлетико" командасымен кездесті. Ойын 2:2 есебімен аяқталды. Матчта Месси паненка стилінде пенальтиді сәтті орындап, 700-голын жұрт есінде қалатындай етіп соқты.

33 жастағы футболшы 630 голын каталондық клуб сапында, қалған 70 голын ұлттық құрамада соққан.

Месси "Барселона" сапындағы алғашқы ойынын 2004 жылы өткізді. Содан бері негізгі құрамда ойнап келеді. Командамен 10 рет Испания чемпионы атағын және 6 рет Испания кубогын жеңіп алды. 4 рет Чемпиондар лигасында топ жарды. "Алтын доптың" 6 дүркін иегері.

Н. Үсенова