Футбол тарихындағы ең даулы трансферлер

ESPN телеарнасы футбол тарихындағы ең даулы трансферлер рейтингін жариялады. Бұл рейтингке енген ойыншылардың команда ауыстыруы айтарлықтай көп талқыланып, жанкүйерлер наразылығын тудырған.

Рейтинг көшін 1989 жылы Францияның "Нант" клубынан Шотландияның "Рейнджерсіне" ауысқан Мо Джонстон бастап тұр. Ол оған дейін "Селтикте" ойнаған. Қайта өз командасына оралады деп болжанған. Бірақ шабуылшы қаржылық жағдайды ескеріп, "Селтикті" емес, басты бәсекелесі сапына ауысты. Мұны естіген екі команда жанкүйерлері де аң-таң. Бірақ Мо Джонстон ойнаған клубына адалдығын танытты. Шотландия кубогы финалында "Селтик" қақпасына гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Араға 1 жыл сала командасымен чемпионатта топ жарды.

Тізімде екінші орыннан португалдық футболшы Луиш Фигу көрінген. Ол "Барселонадан" "Реалға" ауысқан санаулы танымал ойыншылардың бірі. Бұл трансфер нағыз даулы оқиғалардың бірі болды.

2000 жылы мадридтік команда Луиш Фигуді өз қатарларына қосты. Каталондық клуб жанкүйерлері футболшының бұл әрекетін "сатқындық" деп бағалады. "Камп Ноуға" келген ойынында оған қолдарындағы бар заттарын лақтырды. Ал кейіннен португалдық ойыншы өз шешімін отбасылық жағдайға байланысты екенін түсіндірді. Сондай-ақ өзін бағаламағаны үшін де осындай қадамға барғанын ашық айтты.

Үштікке Сол Кэмпбеллдің "Тоттенхэмнен" "Арсеналға" ауысу трансфері енген. Бұл – лондондық дербилер арасындағы текетірес көрінісі.

10 даулы трансфер:

1. Мо Джонстон – "Нантта" "Рейнджерске" ауысуы
2. Луиш Фигу – "Барселонадан" "Реалға" ауысуы
3. Сол Кэмпбелл –  "Тоттенхэмнен" "Арсеналға" ауысуы
4. Роберто Баджо – "Фиорентинадан" "Ювентуске" ауысуы
5. Йохан Кройфф – "Аякстан" "Фейеноордқа" ауысуы
6. Эшли Коул – "Арсеналдан" "Челсиге" ауысуы
7. Робин ван Перси – "Арсеналдан" "Манчестер Юнайтедке" ауысуы
8. Джон Робертсон – "Ноттингем Форресттен" "Дерби Каунтиге" ауысуы
9. Карлос Тевес – "Манчестер Юнайтедтен" "Манчестер Ситиге" ауысуы
10. Джон Оби Микел – "Манчестер Юнайтедтен""Челсиге" ауысуы