25 жылдағы 25 үздік футболшы

FourFourTwo басылымы карантин кезінде үздіктер рейтингін жариялауды бастап кетті. Осыған дейін әлемдегі үздік қақпашылар тізімін жарияласа, жуырда ғана 1995 жылдан бергі аралықтағы үздік футболшылар рейтингін түзді.

25 жыл ішіндегі үздіктер көшін "Барселона" көшбасшысы Лионель Месси бастап тұр. Алты бірдей "Алтын доп" иегері алдына жан салмаған.

Екінші орында – Криштиану Роналду. Туриннің "Ювентус" клубында ойнайтын футболшы аргентиналық басты бәсекелесінен қалып қойған.

Басылым үшінші орынға қазіргі "Реалдың" бас жаттықтырушысы Зиннедин Зиданды қойған.

Үздік 25 футболшы тізімі:

1. Лионель Месси
2. Криштиану Роналду
3. Зинедин Зидан
4. Роналдо
5. Роналдиньо
6. Тьерри Анри
7. Хави Эрнандес
8. Андрес Иньеста
9. Паоло Мальдини
10. Роберто Баджо
11. Ривалдо
12. Фабио Каннаваро
13. Райан Гиггз
14. Кака
15. Уэйн Руни
16. Луиш Фигу
17. Габриэль Батистута
18. Эрик Кантона
19. Лука Модрич
20. Серхио Бускетс
21. Рауль Гонсалес
22. Пол Скоулз
23. Ромарио
24. Серхио Рамос
25. Джанлуиджи Буффон