ФИФА "Алтын допқа" үміткерлердің есімін жариялады

ФИФА "Алтын допқа" үміткерлердің есімін жариялады

Сонымен әне-міне дегенше, ФИФА "Алтын доп"-2012 жүлдесі кімдер арасында тартысқа түсетінін анықтап қойды. Биылғы жылдың ең үздік футболшысы атағына үш үміткер бар. Олар аргентиналық Лионель Месси, португалиялық Криштиану Роналду және испандық Андреас Иньеста.

Бұл сында кімнің жеңіске жететіні 2013 жылдың 7 қаңтарында Швейцарияның Цюрих қаласында белгілі болады. Жеңімпаз дәстүр бойынша, ұлттық құрама жаттықтырушылары мен капитандарының және ірі спорттық басылымдарының дауыс беруі нәтижесінде анықталады.

Естеріңізде болса, осыған дейін Месси үш жыл қатарынан жүлдені ешкімге бермеген еді. 

Сондай-ақ ФИФА жылдың ең үздік үш бапкері атағына таласы бар үміткерлерді де атады. Олар "Реал" бапкері Жозе Моуриньо, Испания ұлттық құрамасынан Висенте Дель Боске және "Барселонаның" экс-бапкері Хосеп (Пеп) Гвардиола. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport.gazeta.ru

Б. Қосмағамбет