Месси "Барселонаға" талап қойды

Месси "Барселонаға" талап қойды
Фото: goal.com

"Барселона" футбол клубының көшбасшысы Лионель Месси команда басшылығына өз талабын қойды. Егер орындалмаса өзге клубқа ауысуға ниетті.

Аргентиналық шабуылшы қойған талап қандай? Ол – Неймардың оралуы. Францияның ПСЖ клубында ойнайтын бразилиялық ойыншы "Барселонаға" келсе ғана Месси қалмақ. Бұл туралы  El Confidencial басылымы жазды.

Қазіргі таңда Мессидің команда нәтижесіне көңілі толмайды. Осыған дейін бас жаттықтырушы болған Эрнесте Вальвердені қызметінен босатқаны да ұнамаған. Алдағы уақытта Неймар қайта оралмайтын болса, клубта қалғысы келмейтін көрінеді.

Лионель Месси "Барселонаның" түлегі. Каталондық клуб сапында 2001 жылдан бері жаттығып ойнап келеді. Қазіргі келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымында аяқталады.

Айта кетейік, Неймар "Барселонадан" париждік командаға 2017 жылы ауысып келген еді. 222 миллион еуроны құраған трансферлік құны рекордтық нәтиже тіркеген болатын.

Н. Үсенова