Роналду қонақүйлерін коронавирустан емделу үшін тегін бермек

Әлемге танымал футболшы Криштиану Роналду өз еліндегі қонақүйлерін коронавирустың алдын алу үшін аурухана ретінде тегін пайдалануға бермек. Бұл жайында Испанияның Marca басылымы жазды.

Футболшы қонақүйлерін аурухана ретінде тегін беріп қана қоймай, дәрігерлер мен өзге де қызмет көрсететін мамандардың жалақыларын да өз мойнына алмақшы екен.

Қазіргі таңда Криштиану Роналдудың өзі Мадейрада карантинде жатыр. Оған себеп – 12 наурыз күні оның командаласы Даниэль Руганиден коронавирус табылған.

Португалияда осы кезде барлығы 169 адам жаңа вирусты жұқтырған.