"Golden Boy-2012" атағы кімге бұйырады?

"Golden Boy-2012" атағы кімге бұйырады?

Итальяндық «Миланның» шабуылшысы Стефан Эль-Шаарави, «Малага» командасының жартылай қорғаушысы Иско және мадридтік «Атлетико» командасының қақпашысы Тибо Куртуа "Golden Boy-2012" жүлдесінен басты үміткерлер. Бұл туралы испандық Football Espana басылымы хабарлайды.

Бұл сыйлықты 2003 жылдан бастап Италияның Tuttosport газеті беріп келеді. «Golden Boy» атағына жасы 21-ден аспаған спортшылар ғана қатыса алады. Биыл жиырма елдің басылымдары дауыс беру арқылы Эль-Шаарави, Иско және Куртуаларды таңдапты. Жеңімпаздың есімі желтоқсан айының аяғында белгілі болады. 

Айта кетейік, ертеректе бұл сыйлықты Лионель Месси, Уэйн Руни және Сеск Фабрегас сынды футболшылар жеңіп алған болатын. Ал өткен жылы бұл атақ дортмундық «Боруссияның» жартылай қорғаушысы Марио Гетцеге бұйырған еді.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет:vesti.kz

Л. Лига