"Барселона" өз алаңында 2013 жылдан бері жеңілмеген

"Камп Ноуға" келген әр команданың бойын үрей билейтіні анық. Өйткені "Барселона" секілді азулы команда кез келген қарсыласын тізе бүктіріп, өз алаңында жеңісті оңайлықпен жібере қоймайтыны бесенеден белгілі. Бұған сандар да дәлел.

Статистикаға көз жүгіртсек, УЕФА Чемпиондар лигасының бес дүркін чемпионы 2013 жылдың күзінен бері өз алаңында жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген. Еуропаның басты додасы аясында "Камп Ноуда" өткізген соңғы 35 матчында қонақтар "Барселонаның" жауырынын жер иіскете алмай жүр.

"Барселонаны" өз алаңында тізе бүктірген соңғы команда "Бавария" екен. Бір қызығы бұл рекорд каталондық ұжымға дейін дәл осы мюнхендік командаға тиесілі болған. "Барселона" "қызылдардың" рекордын өткен жылы Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Лионды" (5:1) жеңіп жаңартқан.

Ал "Барселонаның" "Камп Ноуда" соңғы рет жеңілген сәтінен бері жеті жыл да өте шығыпты. 2013 жылы Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Бавария" өз алаңында "Барселонаның" қақпасына 4 гол, ал қонақта 3 доп соққан. Осыдан кейін каталондық клуб "Камп Ноуға" келген 31 қарсыласын жеңіп, төртеуімен тең тарқасқан. Матчтағы голдар саны да таңғалдырады. "Барселона" орташа есеппен әр ойында 3 доп соғып отырған. Жалпы есептегенде 104 доп. Ал өз қақпасына 17 мәрте ғана жіберген екен.

УЕФА Чемпиондар лигасындағы рекордтардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

Өз алаңында ұзақ уақыт жеңілмеген командалар:
35* "Барселона" (18.09.2013-...)
29 "Бавария" (04.03.1998-02.04.2002)
24 "Арсенал" (14.09.2004-15.04.2009)
23 "Ювентус" (02.10.2013-13.02.2018)
23 "Манчестер Юнайтед" (27.09.2005-03.11.2009)

Өз алаңында қатарынан тек жеңіске жеткен командалар:
16 "Бавария" (17.09.2014-15.02.2017)
15 "Барселона" (17.09.2014-08.03.2017)
12 "МЮ" (13.09.2006-29.04.2008)
11 "Реал" (03.04.2013-09.12.2014)
10 "Ювентус" (20.03.1996-10.12.1997)

Сырт алаңда ұзақ жеңілмеген командалар:
16 "МЮ" (19.09.2007-16.02.2010)
14 "Аякс" (28.09.1994-19.03.1997)
12* "Бавария" (31.10.2017-...)
11= "Барселона" (01.10.2008-31.03.2010)
11= "Реал" (28.09.2010-27.03.2012)

Сырт алаңда тек жеңіске жеткен командалар:
7 "Аякс" (22.11.1995-19.03.1997)
7 "Бавария" (19.02.2013-19.02.2014)
6 "Барселона" (12.04.2011-14.02.2012)
6 "МЮ" (15.04.2009-16.02.2010)
5 "Аякс" (27.11.2018-02.10.2019)
5 "Челси" (16.09.2003-06.04.2004)
5 "Ювентус" (05.12.2017-23.10.2018)
5 "Реал" (29.04.2014-18.02.2015)

Ұзақ уақыт жеңілмеген командалар:
25 "МЮ" (19.09.2007-05.05.2009)
19 "Аякс" (14.09.1994-20.03.1996)
19 "Бавария" (14.03.2001-02.04.2002)
16 "Барселона" (08.03.2011-03.04.2012)
16 "Манчестер Юнайтед" (04.03.1998-29.09.1999 және 23.10.2001-23.10.2002)

Ұзақ уақыт жеңіске жеткен командалар:
10 "Бавария" (02.04.2013-27.11.2013)
10 "Реал" (23.04.2014-18.02.2015)
9 "Барселона" (18.09.2002-18.02.2003 және 21.10.2014-06.05.2015)
8 "Боруссия" Дортмунд (04.12.1996-01.10.1997)

Қарсыласымен тек тең нәтиже көрсеткен командалар:

7 АЕК Афины (17.09.2002-17.09.2003)
6 "Лион" (02.10.2018-19.02.2019)
6 "Рейнджерс" (19.10.2005-07.03.2006)

Ұзақ уақыт қақпасына гол жіберген командалар:
10 "Арсенал" (18.10.2005-25.04.2006)
7 "Милан" (24.11.2004-26.04.2005)
6 "Аякс" (18.10.1995-20.03.1996)
6 "Челси" (24.10.2007-05.03.2008)
6 "Ювентус" (07.12.2016-03.05.2017)
6 "Панатинаикос" (01.11.1995-03.04.1996)