Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Олимпиада-2020: Токиодағы спорт

Олимпиада-2020: Токиодағы спорт

Олимпиада-2020: Токиодағы спорт

Токио Олимпиадасының басталуына 180 күн қалды. Төрт жылдықтың басты додасын қабылдайтын Токио қаласы туралы сіз білмейтін 5 спорттық сырды ұсынамыз.

Екінші Олимпиада ойыны

Токио алғаш Олимп ойындарын 1964 жылы қабылдаған. Алайда Жапонияда Олимпиада одан ерте өтуі қажет еді. 1940 жылы Токиоға Олимпиаданы өткізу құқығы бұйырыпты. Алайда жапондардың Қытайға соғыс ашуына байланысты Олимпиада ойындары Финляндия астанасы Хельсинкиге ауысты. Ал 1964 жылы Токио Детройт, Вена және Брюссель сияқты қалалардың ішінде жеңімпаз атанып, Азия құрлығында алғаш рет әлемдік деңгейдегі жарыс өткізді.

Футболдан әлем чемпионаты

2002 жылғы әлем чемпионатын Жапония мен Оңтүстік Корея елдері бірге қабылдады. Бастапқыда әлем біріншілігінің финалы Токиода өтеді деп жоспарланған. Токио тұрғындарының өкінішіне орай қаланың басты стадионы ФИФА-ның талаптарына сай болмағандықтан, (кем дегенде 80 мың көрермен сыю қажет) шешуші матчты өткізбеді. Ал стадионды кеңейтуге бірнеше фактор кедергі келтіріп, нәтижесінде Токиода әлем чемпионатының бірде-бір ойыны өтпеді.

Сумо

Токиода жылына алты мәрте сумо палуандары арасында кәсіби турнирлер өтеді. Кәсіпқой сумошылар арасындағы жарыстар тек Жапонияда өтеді екен. Өзге мемлекеттерде әуесқой деңгейде ұйымдастырылады. Бұған қарамастан күншығыс елі ұлттық спортын әлі спорт түріне қоспаған.

Ерекше жарыстар

Жапония бұрыннан өзге әлемнен ерекшеленіп келеді. Тіпті, спорт жағынан да. Токиода спочан (суық қарумен семсерлесу) мен кейрин (мотоциклға еріп жүретін веложарыс) секілді спорт түрлеріне қызығушылық жоғары. Ең ерекше спорт деп - ботаошиді айтуға болады. Бір команда туды қорғаса, екіншісі оны құлату қажет.

Халықаралық турнирлер

Токио тарихы тереңде жатқан қала болғанымен, әлемдік ірі турнирлерді көп өткізбеген. Әлемдік деңгейдегі жарыстардың ішінен тек 1958 жылғы Азия ойындары, 1964 жылғы Олимпиада, 1967 жылғы Универсиада ойындарын атап өтуге болады. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Up News Info
Қосылған күні: 27 қаңтар, 10:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.