Әлемнің ең қымбат футболшысы кім?

Футбол әлемінде беделді CIES Football Observatory зерттеу орталығы әлемнің ең қымбат футболшыларының тізімін түзді.

Рейтингтің көшін Франция құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе бастады. Оның трансферлік құны 265,2 миллион еуроға өскен. Екінші сатыға Англия құрамасы мен "Манчестер Ситидің" ойыншысы Рахим Стерлинг (223,7 миллион еуро) жайғасты. Құны 175,1 миллион еуроны құрайтын Мысыр құрамасы мен "Ливерпульдің" футболшысы Мохамед Салах үштікті түйіндеді. 

Ал әлемнің қос мықтысы саналатын Лионель Месси ("Барселона") мен Криштиану Роналдудың ("Ювентус") трансферлік нарықтағы құны төмендеп келеді. Аргентиналық футболшының құны 125,5 миллион еуроны құрап, алғашқы ондықтан орын алса, Португалия құрамасының капитаны (80,3 миллион еуро) бар болғаны 49-шы сатыға жайғасқан.

Әлемнің ең қымбат футболшылары:

1. Килиан Мбаппе ("Пари Сен-Жермен", Франция) - 265,2 миллион еуро;
2. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити", Англия) - 223,7;
3. Мохамед Салах ("Ливерпуль", Мысыр) - 175,1;
4. Джейдон Санчо ("Боруссия" Дортмунд, Англия) - 168,9;
5. Садио Мане ("Ливерпуль", Сенегал) - 155,6;
6. Гарри Кейн ("Тоттенхэм Хотспур", Англия) - 150,5;
7. Маркус Рашфорд ("Манчестер Юнайтед", Англия) - 134,3;
8. Лионель Месси ("Барселона", Аргентина) - 125,5;
9. Антуан Гризманн ("Барселона", Франция) - 123,6;
10. Лаутаро Мартинес ("Интер", Аргентина) - 115,7.