2024 жылғы жазғы Олимпиаданың танымбелгісі таныстырылды

2024 жылғы жазғы Олимпиаданың танымбелгісі таныстырылды
Фото: olympic.org

2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастырушылар жаңа танымбелгіні (логотип) таныстырды, - деп хабарлайды Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) ресми сайты.

Танымбелгіде олимпиада алауы, медаль және Марианнаның жүзі бейнеленген. Марианна – француздардың бір символы.

- Медаль, алау, Марианна. Париждегі Олимпиада мен Паралимпиаданың жаңа бейнесі, - деп жазды ұйымдастырушылар жарыстың ресми twitter парақшасына.

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығына жоспарланған.

Айта кетейік, 2020 жылғы Олимпиада Токиода (Жапония) өтеді. Ал 2028 жылғы дүбірлі доданы Лос-Анджелес (АҚШ) қабылдайды.

Н. Үсенова