Роналду Instagram желісінде Мессиден екі есе артық табысқа кенелген

Роналду Instagram желісінде Мессиден екі есе артық табысқа кенелген

Португалия ұлттық құрамасы мен Туриннің "Ювентус" клубында ойнайтын Криштиану Роналду 2018 жылы Instagram желісі арқылы мол табысқа кенелген. Табысы жасыл алаңдағы бәсекелесі саналатын Лионель Мессиден екі есе көп, - деп жазады La Gazzetta dello Sport.

Өткен жылы португалдық футболшы Instagram желісіндегі ресми парақшасына 49 жарнама жазбасын жариялаған. Нәтижесінде 44,1 миллион еуро табыс тапқан. Месси болса 36 жарнамалық постынан 21 миллион еуро алған.

Екі футболшы да осы әлеуметтік желі арқылы ең көп табысқа кенелгендердің көшбасшысы. Үшінші орында америкалық сәнбике – Кендалл Дженнер. Оның өткен жылдағы табысы – 14,4 миллион еуро.

Қазіргі таңда Роналдудың ресми парақшасына жазылушылар саны - 186 миллион. Мессидің 133 миллион оқырманы бар.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді