Қазақстандық ватерполшылар тоқтап қалған әнұранды соңына дейін орындап шықты

Қазақстандық ватерполшылар тоқтап қалған әнұранды соңына дейін орындап шықты

Үндістанда өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан әнұраны орындалу үстінде үзіліп кетті.

Қытайға қарсы ойында алдында Қазақстан құрамасы әнұран орындап жатқан, алайда бірер сәттен соң гимн белгісіз бір себепке байланысты тоқтап қалды. Дегенмен спортшыларымыз еш абыржымай, әнұранды әуенсіз айтуды жалғастырып кетті. 

Матчтың өзі Қазақстан құрамасының пайдасына 11:10 есебімен аяқталды.

 
А. Рысдәулет