Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Италия чемпионатында ең көп жалақы алатын 10 футболшы

Италия чемпионатында ең көп жалақы алатын 10 футболшы

Италия чемпионатында ең көп жалақы алатын 10 футболшы

La Gazzetta dello Sport басылымы футболдан Италия чемпионатында ең көп жалақы алатын ойыншылардың тізімін жариялады. Жылдық табысы бойынша "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду көш бастап тұр.

Туриндік клубта ойнайтын португалдық шабуылшы жылына 31 миллион еуро жалақы алады. Ол – қазіргі Серия А-ғы жұлдыз ойыншылардың бірі. Оның "Ювентуске" ауысуы – футбол әлеміндегі айтарлықтай оқиға болды. Италия чемпионатына көз салатын жанкүйерлер саны артты.

Роналдудан кейінгі екі орынға Маттейс де Лигт (€8 млн) пен Ромелу Лукаку (€7,5 млн) орналасқан. Ал жаттықтырушылар арасында ең көп жалақыны Антонио Конте алады. Интер бапкерінің жылдық табысы 11 миллион еуроны құрап отыр. Одан кейінгі орындардағы Маурицио Сарри (5,5 миллион еуро) мен Карло Анчелотти (5 миллион еуро) де аз алмайды.

Айта кетейік, футболдан Италия чемпионатының басталғанына да көп болған жоқ. Бар болғаны екі тур ғана өтті. "Интер", "Ювентус" пен "Торино" командалары ұпайдан шашау шығармай келеді.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Sportbox
Қосылған күні: 12 қыркүйек, 17:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.