Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Хабибтің табысы қанша?

Хабибтің табысы қанша?

Хабибтің табысы қанша?

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің уақытша чемпион Дастин Порьеге қарсы жекпе-жек үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Ресейлік спортшы өткен жекпе-жегіне қарағанда 3 есе көп алады. Ирландиялық Конор МакГрегормен жұдырықтасқаны үшін оның қалтасы 2 миллион долларға қалыңдай түскен еді. Ал Дастин Порьеге қарсы жекпе-жекке шыққаны үшін келісімшарт бойынша 6 миллион доллар төленеді. Дегенмен ресейлік спортшы әлі де болсын МакГрегормен қайта кездесу қызық емес екенін мәлімдеді:

- Ол жекпе-жекке лайық болуы қажет. Қайта оралып, жеңісті серия бастасын. Сол кезде ғана сегізбұрышта кездесеміз. Мүмкін Конор мен UFC бір жекпе-жекте жеңіп, мені келіседі деп ойлап жүрген шығар. Бірақ мені ол алаңдатпайды. Жеңіл салмақта мықты әрі тәжірибелі спортшылар жетерлік. Кез келгенімен кездесе аламын. Ол қашан жеңіске жетіп еді? Бір әуесқойды ұтып еді ғой, - деді Хабиб Нурмагомедов.

Естеріңізге сала кетейік, Нурмагомедов - Порье жекпе-жек 7 қыркүйек күні Абу-Дабиде UFC 242 турнирі аясында өтеді. Америкалық спортшы соңғы төрт жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Олардың ішінед Макс Холлоуэй де бар. Хабиб болса өткен жылы Конор МакГрегорды ұтқан болатын.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: 1ncom
Қосылған күні: 05 қыркүйек, 10:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.