ФИФА жылдың ең үздік бес қақпашысын таңдап алды

ФИФА жылдың ең үздік бес қақпашысын таңдап алды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен футболшылар кәсіподағы (FIFPro) 2012 жылдың ең үздік қақпашысы атағына үміткер үздік бес қақпашыны таңдап алды. 

ФИФА сайтында жарияланған тізімге Джанлуиджи Буффон ("Ювентус"), Петр Чех ("Челси"), Джо Харт ("Манчестер Сити"), Мануэль Нойер ("Бавария") және төрт жыл үздік қақпашы атанған Икер Касильяс ("Реал" Мадрид) енген. 

Жеңімпаз дауыс беру нәтижесінде анықталатын болады. Дауыс беруге ойыншылар кәсіподағына кіретін әлемнің 50 мың кәсіпқой футболшысы қатысады. 

Қақпашылардан бөлек, үздік қорғаушылар, жартылай қорғаушылар және шабуылшылар анықталатын болады. Жеңімпаздардың есімі 2013 жылдың 7 қаңтарында Швейцарияның Цюрих қаласында жарияланбақ. 

Одан бөлек, салтанатты рәсімде 2012 жылдың үздік футболшысына берілетін "Алтын доп та" өз иесін табады. Жылдың ең үздік бапкері мен ең үздік голы авторы да анықталмақ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz


Б. Қосмағамбет