Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / "Медаль деген – металл". Олимпиада чемпионы досының емі үшін алтын медалін сатты

"Медаль деген – металл". Олимпиада чемпионы досының емі үшін алтын медалін сатты

2010 жылы Ванкуверде (Канада) өткен қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы беларусь Алексей Гришин бәссаудада өз алтын медалін сатты, - деп жазады Inside The Games.

Бостонда өткен бәссаудада спортшының алтын жүлдесі 68 750 долларға бағаланған. Оны Алексей Гришиннің отандасы сатып алыпты. Коллекционер өз есімін жариялауды құп санамаған.

- Медальдың Беларусь еліне қайтатыны үшін қуаныштымыз. Гришин алған қаржысын жақын досының ем-домына жұмсамақ. Барлық тарап үшін де бұл тиімді болды, - деді бәссауданың атқарушы вице-президенті Бобби Ливингстон.

Акробат шаңғышы алтын медалін сататыны жайлы осыған дейін де айтқан. Бәссаудаға қойғанын жасыруға тырысқанымен, журналистер назарынан тыс қалмаған еді.

- Иә, медальдарым бәссаудаға қойылды. Себеп – жақын адамыма ота жасау үшін қомақты қаржы керек болып тұр. Медальдарды сатқаннан басқа қолдан келер қауқарым жоқ. Ақшаның барлығы емдеуіне кететін болады. Мен мұны жарнамалағым келмеген.

Мен үшін адам өмірі бәрінен қымбат. Ал медаль – ол бар болғаны металл, – деген еді  tut.by порталына берген сұқбатында.

Алексей 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен Олимпиада ойындарына да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінген. Ол жолы иеленген қола жүлдесін 28 мың долларға сатты.

1
Рейтинг: +3

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: ©Getty Images, tyt.by
Қосылған күні: 31 шілде, 17:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.