96 жастағы қария жүгіруден рекордын орнатты

96 жастағы қария жүгіруден рекордын орнатты
Фото: СП

Рой Энглерт есімді 96 жастағы қария жүгіруден 95-99 жас категориясында әлем рекордын жаңартты.

АҚШ тұрғыны 5 шақырымды 42 минут 30 секундта бағындырған. Осылайша ол бұрынғы рекордшы Фрэнк Левиннен 8 минутқа ерте келді.

Бұл қарияның алғашқы рекорды емес. Бұған дейін ол 800 метр, 1,5 шақырым және 3 шақырымда рекорд жаңартқан. 

Қарияның сөзінше, ол жүгіруді өмірлік серік еткен. Жарысқа қалғанда жаттығуды үдете түскен. Жеңісінен соң қария: "Қарсыластарым жоқтың қасы болғандықтан маған жеңу оңай болады", - деп қалжыңдады.

А. Рысдәулет