Жеңісін ерте тойлаған желаяқ ұтылып қалды

Жеңісін ерте тойлаған желаяқ ұтылып қалды
Фото: Runner's World

Швейцарияда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан "Гауһар лига" жарысында қызық жағдай болды.

5 шақырымға жүгіру кезінде эфиопиялық желаяқ Хагос Гебривет өзінің қатесінен жеңісті уысынан шығарып алды. Соңғы айналым қалғанда Гебривет айналым санынан шатасып, жеңісін тойлауды ерте бастап кетті. Артынан бәсекелестерді қуып жетіп, озғанда ғана эфиопиялық желаяқ өзінің қателескенін түсінді.

А. Рысдәулет