Уэльсте студенттер командасы Еуропа лигасына жолдама алды

Уэльсте студенттер командасы Еуропа лигасына жолдама алды

Уэльстің ішкі футбол чемпионаты аяқталды. Бір қызығы, Еуропа лигасының жолдамасын студенттерден құралған команда жеңіп алды.

"Кардифф Метрополитан" маңызды ойында кәсіби ойыншылардан құралған "Бала Таун" командасымен жолдамаға таласты. Негізгі және қосымша уақытта командалар 1:1 есебімен тең түсті. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында студенттерге сәттілік серік болды.

Команда Кардифф университетінде спорттық психология, жаттықтырушылық, спортшылардың жетістігін саралау, т.б. мамандықтар бойынша білім алатын студент және магистр мамандардан құралған.

Алдағы маусымда "Кардифф Метрополитан" Еуропа лигасын іріктеу кезеңнен бастайды.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар