Ағылшын премьер-лигасы тарихындағы ең жылдам гол соғылды

Ағылшын премьер-лигасы тарихындағы ең жылдам гол соғылды
Фото: Read4sport.com

"Саутгемптон" командасының ирландиялық ойыншысы Шейн Лонг ағылшын премьер-лигасы тарихындағы ең жылдам голды соқты. Ол "Уотфордқа" қарсы ойында тарихи нәтижесін тіркеді.

"Уотфорд" командасы алаңында өткен ойында Шейн Лонг 7 секундта-ақ өз командасын алға шығарды. Қорғаушы тепкен допты қайтарып алып, қақпашымен бетпе-бет шыққан бойда допты қақпаға бағыттап үлгерді.

Екі команда арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Осыған дейін ең жылдам гол "Тоттенхэм" командасы сапында ойнаған Ледли Кинг еншісінде болатын. Ол 2000 жылдың 9 желтоқсанында "Брэдфорд Сити" командасы қақпасына 9 секунд ішінде гол соққан болатын.

Ө. Сансызбай