Футбол тарихындағы ең үздік 10 қақпашы - France Football

Футбол тарихындағы ең үздік 10 қақпашы - France Football

France Football басылымы футбол тарихындағы ең үздік 10 қақпашының тізімін жариялады. Көш басында Лев Яшин тұр.

КСРО құрамасының қақпашысы ХХ ғасырда аса танымал болды. Ол футбол тарихында "Алтын доп" алған жалғыз қақпашы. 1956 жылы Олимпиада чемпионы, 1960 жылы Еуропа чемпионы атанған. КСРО чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы.

Заманында "футбол королі" Пеленің өзі "Лев Яшинге гол соқсам – бүкіл арманымның орындалғаны" деген. Тіпті сол бір кезең футболшылары арасында "Яшинге гол соққан футболшы еш уайымсыз зейнеткерлікке шыға беруіне болады" деген әзіл де тараған екен. Осыдан-ақ, КСРО-дан шыққан бұл қақпашының қарымы қандай болғанын байқай берсеңіздер болады.

Үздіктер рейтингінде екінші орынға британдық қақпашы Гордон Бэнкс орналасқан. Ол бірер күн бұрын ғана жарық дүниемен қоштасты. Футбол тарихындағы ең үздік сэйвтердің бірін жасаған қақпашы ретінде жанкүйерлер есінде қалды. 1970 жылы Мексикадағы әлем чемпионаты кезінде Пеленің баспен бағыттаған соққысын тамаша қайтара білді.

Лев Яшин "Алтын допты" иеленгеннен кейін араға 10 жыл сала тағы бір қақпашы бұл атақтан үміткер болды. Ол – италиялық Дино Дзофф. Қақпашы ұлттық құрамасымен халықаралық кездесулерде 2 жыл өз қақпасына гол соқтырмады. Алаңдағы рекордты уақыты 1142 минутқа созылды. France Football бұл қақпашыны үздік үштікке қосқан.

Алғашқы үштіктегі үш қақпашы да мансаптарын ХХ ғасырда өткізді. Сондай-ақ ондыққа бұл кезеңнен Зепп Майер (ГФР), Питер Шилтон (Англия) енген.

Үздік ондықта қазір ойнап жүрген қақпашылар арасында Джанлуиджи Буффон, Мануэль Нойер, Икер Касильяс сынды қақпашылар бар.

Үздік ондық:

1. Лев Яшин ("Динамо" Мәскеу, КСРО)
2. Гордон Бэнкс (Англия)
3. Дино Дзофф (Италия)
4. Джанлуиджи Буффон (ПСЖ, Италия)
5. Мануэль Нойер (Бавария, Германия)
6. Петер Шмейхель (Дания)
7. Зепп Майер (ГФР)
8. Икер Касильяс (Порту, Испания)
9. Эдвин ван дер Сар (Нидерланд)
10. Питер Шилтон (Англия)

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы