Футбол добы қалай жасалады?

Футбол добы қалай жасалады?
Фото: pixabay.com
Футбол добын 1863 жылы 26 қарашада Англия футбол қауымдастығының қабылдаған ережесі бойынша жасайды. Бұл ереже заман талабына сәйкес өзгергенімен негізі қағидасын ұстанып қалды. Допты қалай жасайды? Қанекей, білейік!
 
Доп шар тәріздес болуы қажет және синтетикалық материалдан жасалуы тиіс. Диаметрі 34-35 сантиметрді құрамаса, салмағы 450 граммнан аспауы керек. Қысымы - 0,6-1,1 атмосферға тең. 
 
©pixabay.com
 
1872 жылы ресми түрде доптың стандартты өлшемі мен салмағы бекітілді. Доп камерадан және сыртқы қабынан тұрады. Сырты табиғи былғарыдан және 18 өзара тігілген панельден құралған. 1960 жылдардың басында допты толықтай синтетикадан жасай бастады. Табиғи былғары 1980 жылдарға дейін қолданып келген, алайда соңында допты тек синтетикалық материалдан тігетін болды. Былғары су тартқаннан соң доптың салмағы ауырлайтын. ©pixabay.com
 
Қазіргі доптардың басым көпшілігі су өткізбейтін 32 панельден тұрады. Оның 12-сі бес бұрышты болса, қалған 20-сы алты бұрышты. Панельдер өзара қолмен немесе тігіс машинасымен тігіледі. Кейбір жағайда тек желімдейді. Сырты мен ішкі камераның арасында төсем болады. Доптың сапасы дәл осы төсемнің қалыңдығына байланысты. Ол доптың ұшу бағытына әсер етіп, оның пішінін сақтап тұрады. Камерасын синтетикалық битулден немесе табиғи латекстен жасайды. 
 
©unsplash.com

Отандық футболшыларымыз Adidas компаниясының Conext 19 добымен ойнайды. Тігісі жоқ, бірыңғай панельден тұратын Conext 19 добы 1998 жылы Францияда өткен мундиальдағы даңқты Tricolore добына ұқсатып жасалған.
Айбар Рысдәулет
Massaget