Геннадий Головкиннің үшінші баласы өмірге келді

Геннадий Головкиннің үшінші баласы өмірге келді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) жары ұл босанды, - деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты.

- Қазақстан бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлды болуымен құттықтайды. Геннадий мен оның отбасына зор денсаулық пен амандық тілейміз, - деп жазған хабарламада.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2007 жылы шаңырақ көтерген. 2009 жылы Вадим есімді тұңғыш ұлдары өмірге келді. Қазіргі таңда баласы Лос-Анджелесте хоккейге қатысады. Болашақта осы спорт түрінен танымал болуды қалайды. 2017 жылы GGG отбасы қыз баламен толықты. Оның есімін көпшілікке жариялаған жоқ.

2017 жылы 7 шілдеде (07.07.2007) Геннадий Головкин әйелімен отасқанына он жылдық мерейтойын атап өтті. Оның жары да Қарағанды қаласының тумасы. Үйленгенге дейін олар жеті жыл бойы кездесіп жүрген. Әйелі Алинаның екі жоғары білімі бар. 




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Құсбегілер бәсі
Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN