Еуропа чемпионаттарындағы ең қымбат 100 футболшы

Еуропа чемпионаттарындағы ең қымбат 100 футболшы
Фото: football-observatory.com

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) Еуропа чемпионаттарындағы ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады. Рейтингте француз футболшысы Килиан Мбаппе көш бастап тұр.

CIES ПСЖ ойыншысын әлемдегі ең қымбат футболшы ретінде танып отыр. Трансферлік құнын 218,5 миллион еуроға бағалаған. 

Екінші орынға "Тоттенхэм" командасының форварды Харри Кейн орналасқан. Бұл ойыншыны сатып алғысы келетін команда 200,3 миллион еуро дайындай берсе болады.

Ең қымбат ойыншылардың үштігінде Неймар тұр. Бразилиялық ойыншының трансферлік құны 197,1 миллион еуро деп көрсетілген. Ол "Барселонадан" париждік клубқа ауысқанда, бағасы 222 миллион еуро болып, футбол тарихында ең қымбатқа бағаланған спортшы атанған еді.

Каталондық клубтың көшбасшысы Лионель Мессидің құны 171,2 миллион еуроға бағаланған. 7-орында тұр. Криштиану Роналду болса 19-орынға орналасқан. Португалдық ойыншыны "Ювентустен" сатып алғысы келетін команда 127,2 миллион еуро шығындауы керек.

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы футболшылардың трансферлік құнын өзіндік бағалау жүйесі бойынша түзеді. Ойыншылардың құны клубтың трансферлік "саясатына" сай келмеуі де мүмкін.

Ө. Сансызбай